Айтысты «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Бас жүлдеге КІА автокөлігі тігілді.
Айтысқа Қазақстан, Қытай, Монғолия елдерінің айтыскерлері қатысады деп күтілуде. Атап айтқанда, Қытайдан Қанатбек Зәйтоллаұлы, Анаргүл Бәделхан, Моңғолиядан Сәтжан Тілашқан секілді қандастарымыз қатысса, Мақсат Ақанов, Айбек Қалиев, Қарлығаш Әубәкірова, Еркебұлан Қайназар, Әсем Ережеқызы, Бауыржан Халиолла, Иранғайып Күзембаев, Ержеңіс Әбді, Ринат Зайытов, Жақсылық Орынбасар, Мейірбек Сұлтанхан сынды ақындар Қазақ елінің атынан сөз сайыстырады.