«Еңбек табысының дисбалансын жою қажет. Оның ішінде мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған кәсіпорындарға қызметкерлерінің табысын арттыруға бағытталған қарымта жауапкершіліктер жүктелуі керек», - деді Үкімет басшысның орынбасары.
Оның айтуына қарағанда, басшылар мен өндірісте тер төгіп жүрген жұмысшылардың айлығындағы айырмашылықты қысқарту мәселесін жан-жақты пысықтау қажет.
«Бүкіл компанияларда, соның ішінде квазимемлекеттік секторда да басшылық лауазымдағы қызметшілер мен өндірістегі персоналдың айлығындағы айырмашылықты қысқарту туралы ұсынысты пысықтау қажет. Бұл енді оңай мәселе емес. Бұл жерде біраз мәселе бар екенін жақсы білеміз. Кәсіподақ өкілдері де бұл мәселені көтеріп жатыр. Сондықтан оны бірге қарастыруға біз дайынбыз», - деді Ералы Тоғжанов.