Ералы Тоғжанов қай салада өсу динамикасы сақталып қалғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кәсіподақтар федерациясы жұмыс істейтін жерде еңбек ұжымы мен жұмыс берушілердің тиімді байланыс жүйесі болады . Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының кезекті XXVI съезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның кәсіподақтары – мақсатқа, яғни әлеуметтік тұрақтылықта жетуде Үкіметтің жақсы қатысушысы және серіктесі. Біз бұл ұйым жұмыс істейтін жерде еңбек ұжымы мен жұмыс берушілер арасындағы тиімді байланыс жүйесі болатындығын білеміз. Жалақыны көтеруге, еңбек пен демалыс жағдайларын жақсартуға байланысты мәселелер тиімді шешілуде. Елдегі күрделі кезеңде Кәсіподақтар Федерациясы өзінің негізгі миссиясын белсенді түрде жүзеге асырып, жұмысшылардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмысшыларға және халықтың әлеуметтік осал санаттарына материалдық және консультациялық көмек көрсету жүзге асырылуда», - дейді ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

Сонымен қатар, ол қазіргі эпидемиологиялық жағдайда Қазақстан Үкіметі экономиканы дамыту, жұмыспен қамту және халықтың табысын қолдау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. Яғни, дағдарысқа қарсы бірінші және екінші жоспарлар қабылданып, 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспары бекітілді. Шағын және орта бизнесті қолдау үшін қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясы кеңейтілді.

«Қазіргі қиын жағдай – коронавирус індетіне қарамастан, бізде өсу динамикасы оң нәтиже көрсетіп келеді. Өңдеу өнеркәсібі 3,8%, машина жасау 13,9%, тамақ өндірісі 4,1%, фармацевтика 23,2%, жеңіл өнеркәсіп 7,3%, қағаз өндірісі 15,7%, химия өнеркәсібі 3,6% және дайын металл өнімдерін өндіру 18,6% -ға артты. Құрылыс көлемі 6,3% өсті. Ауыл шаруашылығында 2,5% тұрақты өсім байқалады. Тау-кен секторы бойынша оң динамика көмір өндірісінде 2,6%, металл кендері 2,3%, табиғи өсім 0,9% өсуде», - дейді Ералы Тоғжанов.

Ол өсу динамикасы құлдырап бара жатқан салаларды да атады. Бұл, ең алдымен, қызмет көрсету, сауда және көлік салаларына қатысты болып шықты.