Кеңес барысында Е. Тоғжанов медицина кадрларын даярлауға гранттар санын көбейтуді, барлық жас мамандарды әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етуді, оған қосымша қажеттілікті анықтау үшін медициналық жабдықтарға егжей-тегжейлі инвентаризация жүргізуді тапсырды.
Еске салсақ, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен негізгі әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес өткізді.