Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Ведомствоаралық комиссияның отырысы өткен болатын.
Отырыста «СҚ-Фармация» ЖШС басшылығының есебі тыңдалды, онда стационарлардағы дәрілік заттардың бір айлық қоры туралы баяндалды. Премьер-Министрдің орынбасары COVID-19 емдеу үшін екі айлық дәрі-дәрмек қорын қамтамасыз етуді, сондай-ақ азаматтарды үйде емдеу үшін қажетті қор құруды тапсырды.