«Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйене отырып, 2025 жылға дейін халықтың жартысын дене шынықтырумен қамту көзделіп отыр. Осыған байланысты олардың қалай және қандай критерийлерге сәйкес есептелетіні мен үшін әлі беймәлім. Мен бұл сұрақтарды министрліктің алдына бір емес бірнеше рет қойдым. Соны нақтылауымыз керек. Жалпылама әңгіме айналасында жұмыс істейтін заман емес. Ондай заман жоқ. Сондықтан осы мәселені бірге қарастыруымыз керек. Осы орайда министрлікке Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп, спортпен, оның ішінде дене шынықтырумен шұғылданатын адамдардың санын есептеудің нақты әдістемесін бекітуді тапсырамын», - деді вице-премьер Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында.
12:13, 02 Наурыз 2022
Ералы Тожанов спортпен шұғылданатын адамдар санын есептеу әдісін бекітуді тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Спортпен шұғылданатын адамдар санын есептеудің нақты әдісін бекіту керек. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.