Отандасымыз ширек финалда Ушанги Кокауримен (Әзірбайжан) кездесіп, қарсыласына жол берді. Дегенмен жұбаныш белдесуінде хорватиялық Никита Свиридті айқын басымдықпен жеңіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.
Осылайша Ерасыл Қажыбаев қола медаль үшін өтетін кездесуде Саба Инанеишвилимен (Грузия) белдеседі.
Сондай-ақ Аида Тойшыбекова 78 келіден жоғары салмақтың жұбаныш белдесуінде Польша өкілі Кинга Вольшчакқа жол берді.
Ал Екатерина Токарева (78 келі), Камила Берліқаш (78 келіден жоғары), Нұржан Бисенов (90 келі), Ермахан Әнуарбеков (90 келі), Жантілек Нұртілепұлы (100 келіден жоғары) жарысты ерте аяқтады.
Бұған дейін Эсмигүл Куюлова дзюдодан Хорватиядағы Гран-придің қола жүлдесі үшін күресетінін жаздық.