Бұл туралы бүгін Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-да өткен кездесу барысында аталған бағдарламаның Еуразиялық аймағы бойынша үйлестірушісі Анна Корепанова айтты.
Бұл бағдарлама жоғары білім саласында әріптестік пен тәжірибе алмасуға арналған. Бағдарламаға Еуропалық университеттердің 90%-ы, сондай-ақ әлем бойынша 31 елдің 3100 ЖОО-сы қатысады. 1987 жылдан бастап 1,9 млн. студент білім алды. 2009 жылдан бері Еуроодақ осы бағдарлама аясында одаққа мүше емес мемлекеттердің талантты студенттеріне грант санын ұлғайтуда. Анна Корепанованың айтуынша, Еуроодақ 2013 жылға дейін бағдарлама аясында одаққа мүше емес мемлекеттерге грант санын ұлғайтуды көздеп отыр. Грант бағдарламасына қатысу үшін басты талап - еуроодақ елдерінің тілін білу. Аталған бағдарлама бойынша үміткерлер грант иелену үшін 2012 жылға грант бағдарламасы конкурсына қатыса алады. Бұл туралы толық ақпаратты http://eacea.ec.europa.eu сайтынан алуға болады.