Қылмыстық істі Астана қаласы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соты қарауда. Сот процесі алқабилер сотының қатысуымен өтіп жатыр.
«Алқабилер соты өздерінің шешімдерін 12 қазанда жариялайды», - делінген сот хабарламасында.
Сот алдында қылмыс жасады деген күдік тағылып отырған Нұрбек Әжімбай, Виталий Шерстенев пен Андрей Тихоненко жауап беретін болады.
Медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда із-түзсіз жоғалған. 10 ақпанда Астана қаласы ІІД қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Е.Әубәкіровтің мәйітін тапқан болатын. Адам өлтірді деген күдікпен төрт адам - Аян Мейірбаев, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев және Нұрбек Әжімбай ұсталды.
А.Мейірбаев қылмыстық істе ең басты күдіктілердің бірі болған. Бірақ кейін оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды, 7 мамырда Астана прокурорының келісімімен Аян Мейірбаев босатылды.