Сенат кулуарында журналистер оған 2023 жылы әскери қызметті өткеру кезінде ауыр бас сүйек-ми жарақатын алған Ұлттық ұланның бұрынғы әскери қызметшісі Мұхтар Ербаянның өлімінен кейін, әскерде қауіпсіздікті күшейту шаралары туралы сұрақ қойды.
– Қауіпсіздікті жақсарту жаңағы сіз айтқан бір жағдайға ғана байланысты емес, әрдайым жетілдіріліп отыратын мәселе. Қазіргі таңда бізде психологтардың жұмысы жетілдірілді. Сонымен қатар камералар қою, тәуліктік кезекшілердің жұмысы да күшейтілді. Одан бөлек, профилактикалық жұмыс ретінде әр казармада әскери полиция өкілдері бар, – деді Шайх-Хасан Жазықбаев.
Оның сөзінше, жан-жақты реформа жүргізіліп жатыр. Штаттық құрылымда өзгерістер болып жатыр. Сонымен бірге, әскери тәртіпті реттеу бойынша көптеген бағытта реформалар жүзеге асырылып келеді.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық ұланның бұрынғы әскери қызметшісі Ербаян Мұхтар өмірден өткенін жазғанбыз.