Ербол Әліқұлов Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Фото: Фото: primeminister.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ербол Шымкентбайұлы Әліқұлов Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды. 

Ербол Әліқұлов 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Б. Момышұлы атындағы «Кәусар бұлақ» республикалық қайырымдылық қоры директорының орынбасары болып бастаған.

1998-2002 жылдары жеке компанияда жұмыс істеді.

2002-2005 жылдары — Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының бөлімінде бас маман, бөлім басшысы, әкім орынбасары.

2006-2009 жылдары — Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің көмекші-кеңесшісі, әкім орынбасары.

2009-2013 жылдары — Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі.

2013-2014 жылдары Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

2014-2017 жылдары — Алматы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысы.

2017 жылы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болды.

2017-2022 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2022-2023 жылдары — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2023 жылдың қазан айынан қазіргі уақытқа дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы болды.