АСТАНА. KAZINFORM — Швецияның Турсбю қаласында өткен IBU пара биатлоннан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Ербол Хамитов жеңіске жетті.
Ербол Хамитов 7,5 шақырымға спринт жарысында 19:38.0 уақыт нәтижесімен мәре сызығын бірінші болып қиды.
2024 жылы ол Канададағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді, Әлем кубогы кезеңдерінде бірнеше мәрте жүлделі орындарға ие болды.
Сондай-ақ ол биыл ақпан айында Словенияның Поклюка қаласында өткен әлем чемпионатында алтын алды. Ербол Хамитов 12,5 шақырымдық жекелей сында жоғары нәтиже көрсетті.
Қазақстандық спортшы пара шаңғы мен пара биатлоннан Италияның Мартель қаласында өтіп жатқан әлем кубогінің екінші кезеңінде қола жүлдегер атанған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.