Ербол Қарашөкеев: Астық сақтауға қажетті орын жеткілікті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Облыс әкімдіктері астық сақтау орындарының дайындығын қамтамасыз етуі қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік элеваторлардың жаңа өнімді қабылдауға дайындығына тұрақты мониторинг жүргізуде. Республикада астықты сақтаудың жалпы сыйымдылығы 29,1 млн тоннаны, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында 12,6 млн тоннаны, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде 16,5 млн тоннаны құрайды», - деді министр.

Оның айтуынша, аталған астық сақтау сыйымдылығы өткен жылдардағы ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, болжамды егінді сақтау үшін жеткілікті.

«Облыс әкімдіктері жаңа астықты қабылдауға астық сақтау орындарының дайындығын қамтамасыз етуі қажет», - деді Ербол Қарашөкеев.




Фото: primeminister.kz