Ербол Тәжібаев АҚШ-тағы халықаралық таланттар олимпиадасында бас жүлде алды

АСТАНА. KAZINFORM —  Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртісі Ербол Тәжібаев АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен «WorldStars» халықаралық таланттар олимпиадасына қатысып, бақ сынаған 3 номинациясында бас жүлдеге ие болды.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, беделді байқау әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жетекші вокалистерге, талантты орындаушыларға өздерінің музыкалық жетістіктерін көрсетіп, өнерін әлемге паш етуге мүмкіндік сыйлайды.

Ербол Тәжібаев Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінде «Классикалық вокал» мамандығы бойынша, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алған. 

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Еліміздегі «Qazaqstan дауысы», «Topjargan», «Бес жұлдыз» және т.б. көптеген беделді республикалық байқаулар мен жобаларда керемет өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленген ерекше дарын иесі.