Ерболат Балғабаев Түркістан облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы болды
18:08, 11 Мамыр 2023
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Ерболат Балғабаев Түркістан облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Агенттік Төрағасының бұйрығымен Балғабаев Ерболат Темірболатұлы Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды», - деп жазды Қаржылық мониторинг агенттігінен.
Айта кетейік, Ерболат Балғабаев бұған дейін Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің құрылымдарында басшылық қызметтер атқарған.