«Әлемдік қаржы және тауар нарығы коронавирусты жұқтырудың қайталануы және әлемде жаңа шектеу шараларын енгізу аясында жеткілікті түрде құбылмалы болып қалуда. Жаһандық қор индекстерінің серпіні екі фактормен айқындалады: әлемде коронавирустың таралуы және АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынастары бойынша белгісіздікті тудыратын АҚШ-тағы сайлау, сонымен бірге АҚШ пен ЕО-дағы қосымша фискалдық ынталандыруды қабылдау. Осы жылғы қыркүйекте дамушы елдердің қор нарықтарының индексі 1,77, дамыған елдер акцияларының индексі 3,59 пайызға төмендеді. Аталған факторлар басқа елдердегі, атап айтқанда Еуропадағы әлсіз деректермен бірге доллар құнының өсуіне және алтынның 4 пайызға арзандауына алып келді. Global Composite PMI индексі осы жылғы тамыздағы 52,4 тармақтан қыркүйекте 52,1 тармаққа дейін төмендеді. Алайда өндіріс көлемінің және жаңа тапсырыстардың өсуі аясында Global Manufacturing PMI индексі осы жылғы тамызда 51,8 тармақтан 52,3 тармаққа дейін өсті», - деді ол.
ҰБ төрағасының дерегінше, Қытай өнеркәсібіндегі іскерлік белсенділік индексі биылғы қыркүйекте бір ай бұрынғы 53,1 көрсеткішімен салыстырғанда 53 тармаққа дейін аздап төмендеді.
Еуроаймақта осы жылғы қыркүйекте іскерлік белсенділік нашарлады. Ресейде өнеркәсіптегі PMI индексі ағымдағы жылғы қыркүйекте 51,1 тармақтан 48,9 тармаққа дейін төмендеді.
«Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі құрылыстағы және қызмет көрсету саласындағы өсу есебінен осы жылғы қыркүйекте бір ай бұрынғы 45,4 тармақтан 47,6 тармаққа дейін көтерілді. Өнеркәсіпте индекс 47,8 тармаққа дейін 0,5 тармаққа төмендеді. Жалақы алушылардың үлесі қалпына келуде, мемлекеттік жәрдемақы алушылардың үлесі төмендеуде және де респонденттердің ірі сатып алуларға дайындығы артуда. Соңғы 3 айда ірі сатып алулар мен шығын жасағандар үлесі осы жылғы кыркүйекте 17 пайызғае дейін өсті. Алайда, респонденттердің 46 пайызы ағымдағы уақытты ірі сатып алулар жасау үшін қолайсыз деп санайды»,- деді Ерболат Досаев.