Ерболат Досаев инфляцияға ықпал еткен себептерді атады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың пайымынша инфляцияның туындауына шілдеде 8,7%-ға жеткен азық-түлік тауарлары бағасының өсімі ықпал еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инфляцияныңтуындауына шілдеде 8,7%-ға жеткен азық-түлік тауарлары бағасының өсімі ықпалетіп отыр. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы қалыпты өсу қарқынынкөрсетті. Ал ақылы қызметтер бағасының серпіні тарихи минимумда сақталды.Халықтың нақты ақшалай кірісінің өсуі аясында тұтынушылық сұраныстың кеңеюіинфляцияның жылдам өсуінің негізгі тәуекелдері болып қалады. Осыған орайҮкіметтен инфляцияның өсуіне көбірек ықпал еткен жекелеген тауарларға бағаныңөсуін бақылау шараларын күшейтуді сұраймыз», - деді Ерболат Досаев Үкіметотырысында.

Ұлттық банк төрағасыішкі валюта нарығындағы ахуал көп жағдайда сыртқы факторлардың ықпалындаекендігін айтып берді. 12 тамыздағы жағдай бойынша теңге бағамы жыл басынанбері 0,9%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 387,48 теңгені құрап отыр.

«Сыртқы сектордағыжағдай тұрақсыз. Мұнай бағасы құбылып тұр. 31 шілде – 7 тамыз аралығындамұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшін 65,2 АҚШ долларынан 56,2 АҚШ долларынадейін күрт төмендеді. Бұл АҚШ Президентінің Қытай тауарларына баж салығын енгізутуралы мәлімдемесінен кейін болды. 2019 жылғы 9 тамыздағы жағдай бойынша мұнайбағасы бір баррель үшін 58,5 АҚШ долларына дейін өсті», - деп түсініктеме бердіЕрболат Досаев.

Ұлттық банк басшысыатап өткендей, Ресей рублі айдың басынан бастап 9 тамызға дейін бір АҚШ долларыүшін 63,4 рубльден 65,1 рубльге - 2,8%-ға әлсіреген. Сондай-ақ, Ерболат Досаевхабарлағандай, Ұлттық банктің алтын валюта резервтері 2019 жылғы 1 тамызда 27,7млрд АҚШ долларын құрап отыр.


Соңғы жаңалықтар