Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен кетті
09:00, 24 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.