«Өңірлер бойынша инфляция елеулі сәйкессіздіктерді көрсетуде. Мәселен, Маңғыстау облысында ол республикалық деңгейден 1,3 проценттік тармаққа, Қарағанды облысында және Нұр-Сұлтан қаласында 0,4 проценттік тармаққа асып түсті», - деді ҰБ төрағасы.
Оның айтуынша, жалпы республика бойынша 11,4 пайыз деңгейінде болғанда 12 пайыздан жоғары азық-түлік инфляциясы Қарағанды, Атырау, Павлодар облыстарында тіркелді. Азық-түлікке жатпайтын инфляция бойынша елде 5,3 пайыз болғанда Маңғыстау облысы 6,9 пайызбен алдыңғы қатарға шықты.
«Жалпы республика бойынша инфляция 4,1 пайыз болған кезде 5 пайыздан жоғары ақылы қызметтер инфляциясы Маңғыстау облысында, Нұр-Сұлтан қаласында, Ақтөбе облысында тіркелді», - деді Ерболат Досаев.