Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

Фото: Алматы әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Ерболат Досаевтың жаңа қызметке тағайындалғанын хабарлады.

- Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Ерболат Асқарбекұлы 1970 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

Ол 1993 жылы Алматы энергетикалық институтын, сондай-ақ Мәскеудің Бауман атындағы мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Мамандығы – электрондық техника инженері.

Еңбек жолы:
– 1993 - 1994 жж. – менеджер, «Іскер» халықаралық ғылыми-өндірістік кәсіпорны;
– 1994 ж. – директордың орынбасары, «Вега» шағын кәсіпорны;
– 1994 - 1996 жж. – директордың орынбасары, директор, «Фирма «Акцепт» ЖШС;
– 1996 - 1997 жж. – директор, бірінші вице-президент, бас директор, «Корпорация «Акцепт» ЖТАҚ;
– 1997 ж. ақпан - тамыз – басқарма төрағасының орынбасары, «Банк Тұран-Алем»;
– 1997 ж. тамыз - 1998 ж. наурыз – басқарма төрағасы, «Алматинский торгово-финансовый банк» ЖАҚ;
– 1998 ж. наурыз - шілде – ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі;
– 1998 ж. шілде - 2000 ж. ақпан – ҚР Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;
– 1999 ж. желтоқсан - 2001 ж. шілде – ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі;
– 2000 ж. ақпан - 2001 ж. қараша – ҚР Қаржы вице-министрі;
– 2001 ж. қараша - 2002 ж. тамыз – ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекені қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы;
– 2002 ж. қыркүйек - 2003 ж. маусым – ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау агенттігінің төрағасы;
– 2003 ж. маусым - 2004 ж. сәуір – ҚР Қаржы министрі, ЕБРР-дегі Қазақстанның басқарушысы;
– 2004 ж. сәуір - 2006 ж. қыркүйек – ҚР Денсаулық сақтау министрі;
– 2012 ж. қыркүйек - 2013 ж. қаңтар – ҚР Экономикалық даму және сауда министрі;
– 2013 ж. қаңтар - 2014 ж. тамыз – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;
– 2014 ж. тамыз - 2016 ж. мамыр – ҚР Ұлттық экономика министрі;
– 2016 ж. мамыр - 2017 ж. тамыз – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы;
– 2017 ж. тамыз - 2019 ж. ақпан – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары;
– 2019 ж. ақпан - 2022 ж. қаңтар – ҚР Ұлттық банк төрағасы;
– 2022 жылғы 31 қаңтардан бері – Алматы қаласының әкімі (2022 жылғы 2 желтоқсанда қайта тағайындалды).

Айта кетейік, биылғы мамырдың соңында Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен кетті.