Ердоған: 2026 жылы НАТО саммиті Анкарада өтеді

Фото: armenpress

АСТАНА. KAZINFORM – Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның мәлімдеуінше, 2026 жылы НАТО мемлекет және үкімет басшыларының саммиті Анкара қаласында ұйымдастырылады, деп хабарлайды ТАСС.

— Гаагада өткен соңғы НАТО саммитінде біз үшін маңызды шешім қабылданды — келесі саммит біздің елімізде өтеді. 2026 жылдың шілдесінде НАТО көшбасшыларын еліміздің астанасы Анкарада қабылдаймыз. Біз аса маңызды шешімдер қабылданатын орта қалыптастырамыз, — деді Ердоған Анкарада өткен министрлер кабинетіндегі отырыс қорытындысы бойынша. 

Айта кетелік Түркияда елдің жаңа конституциясын қабылдау мәселесі қайтадан көтеріліп жатыр.