Бұл туралы ол Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы кезінде Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен өткен кездесуде айтты.
Кездесуде екіжақты қарым-қатынас, сондай-ақ өңірлік және халықаралық мәселелер талқыланды. Ердоған Түркияның Армениямен арадағы оң қарым-қатынасты сақтауға мүдделі екенін айтып, Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбітшілік орнатуға бағытталған өзара қадамдарды құптайтынын жеткізді.
Оның айтуынша, Түркия мен Арменияның халықаралық ұйымдардағы ынтымақтастығын кеңейту екі ел арасындағы байланысты одан әрі жақсартуға ықпал етеді.
Сондай-ақ Ердоған Пашинянды биыл қарашада Түркияда өтетін COP31 көшбасшылар саммитіне қатысуға шақырды.
Бұған дейін Армения үкіметінің 2026-2031 жылдарға арналған бағдарламасында Түркиямен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру үшін Армения-Түркия шекарасын ашып, кемінде екі заманауи шекара өткелін пайдалануға беру жоспарланғанын хабарлаған едік.