АСТАНА. KAZINFORM – Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған келесі айда Әзірбайжанға барады, деп хабарлайды Report агенттігі « A Haber » телеарнасына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, 29 сәуірде Ердоған IV үкіметаралық саммитке қатысу үшін Италияға барады. 3 мамырда Солтүстік Кипр Түрік Республикасында өтетін TEKNOFEST технология фестиваліне қатысады.
Түркия президенті маусым айында АҚШ астанасы Вашингтонға барады деп күтілуде.
Айта кетейік, бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 2025 жылдың мамыр айының басында Әзербайжанға ресми сапармен баратынын жаздық.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы