Ердоған парламент дауыс берсе, өлім жазасын қайтаруға уәде берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған егер парламент дауыс берсе, елде өлім жазасы болуын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлады Gazeta.ru Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ол сондай-ақ «сириялық күрдтерден қауіп тыйылғанша» Түркияның Сириядағы операциясы жалғасатынын айтты.

Бұдан бұрын Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған әскери төңкеріс жасауға тырысқан  қатысушылар үшін өлім жазасын енгізу идеясын мақұлдайтынын мәлім етті.