Эрдоған парламентке өлім жазасын енгізуді ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия президенті Реджеп Тайып Эрдоған әскери төңкеріс жасамақ болғандарды жазалау үшін парламентке елде өлім жазасын қайта еңгізу мәселесін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкімет бұл ұсынысты (өлім жазасы туралы) парламентке жолдайды. Оны парламент құптайды деген сенімдемін. Кейін мен оны ратификациялаймын», - деп келтірді Эрдоғанның мәлімдемесін Daily Star.