Ердоған шерушілерге соңғы ескерту жариялады

АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Түркия Премьер-Министрі Реджеп Тайып Ердоған Ыстамбұлдың орталығына жиналған шерушілерге соңғы ескерту айтып, Гези саябағының аумағын тастап шығуға шақырды. Бұл жайында Утро.ру хабарлады.

«Біздің шыдамымыз шегіне жетті. Мен соңғы рет ескертемін. Ата-аналар сіздерден өз балаларыңызды алып кетулеріңізді өтемін», - деді премьер телеарна арқылы.

Бұдан сәл ертерек Р.Ердоған Түркияға зиян шектіретін жайттарға шыдамдылық танытпайтындығын айтып, елдің ішкі істер министріне 24 сағатта Гези саябағындағы наразылықты тоқтатуға бұйрық берген еді.