Режеп Тайып Ердоған Газадағы соғысты тоқтату үшін Батысты Израильге қысым көрсетуге шақырды.
«Израиль мәселесі шешілмейінше, біздің аймақта, бүкіл әлемде де тұрақты бейбітшілік пен толық халықаралық құқықтық тәртіп болуы мүмкін емес. Бізге нақты қадам қажет. Бұл ретте БҰҰ қарарларынан артық не болуы мүмкін? Егер сіздер соғысты тоқтатуға шын ниетті болсаңыздар, БҰҰ шешімдерін орындау үшін Израильге қысым көрсетіңіздер. Өйткені адамдар қырылып жатыр, аналар балаларынан, балалар ата-аналарынан айырылып жатыр. Біз бұл қансыраған жараны тоқтату үшін қандай да бір қадам жасауға талпынып жатырмыз. Егер Америка Құрама Штаттары осы тәсілді қолдана бастаса, Израильді тоқтату жеңілірек болар еді», - деді Ердоған.