Ердоған мен оның зайыбына Францияда тұрып, жұмыс істеп жатқан мыңдаған Түркия азаматтары қошемет көрсетті.
«Еуроодақтың қуатты экономикасына Түркия қажет. Себебі, Түркия қарқынды дамушы мемлекет және Түркия мәңгілік күте алатын мемлекет емес», - деп тоқталған Премьер-Министр, осы орайда Анкараның ЕО-ның толық мүшесі болуы ниеті жайында еске салып өтті.
Байқаушылардың атап өтуінше, президент ретінде Николя Саркозиді Франсуа Олланд ауыстырғаннан кейін Түркия мен Франция арасындағы қатынастар жақсара бастады.
Ердоған Лионда тұрып жатқан отандастарына тамыздағы президенттік сайлауға орай айдың аяғында өзінің партиясы атынан кандидатураны жариялайтынын атап өтті. Сонымен қатар ол Франциядағы барлық түріктерді сайлауға қатысуға шақырды.