Түркия президентінің айтуынша, елде «Темір шіркеу» мен Мұради мешітіндегі діни құлшылықтың айырмашылығы жоқ.
Ердоған Соңғы кездері Түркияда реставрациядан өткізіліп 14 діни нысан ашылғанын атап өтті. Оның қатарында Эдирнедегі синагога, Гекчеададағы Қасиетті Николай шіркеуі, Искендерундегі католик шіркеуі, Диярбақырдағы армяндардың протестанттық шіркеуі, Газиантептегі Низипа Февкани шіркеуі бар.
Шіркеудің ашылуына Болгария премьер-министрі Бойко Борисов қатысты, ола Түркия үкіметіне тарихи нысанды қалпына келтіруге қосқан үлесі үшін алғыс айтты.