50 жастағы Иси Хипердің екі азаматтығы бар - канадалық және түркиялық, ол 2016 жылдың 30 желтоқсан күні Түркияның солтүстік-шығысындағы Карс қаласында ұсталды. Оның қорғаушысы Биргитти Павичтің сөзіне қарағанда, әйелді 28 желтоқсан күні Facebook желісінде қалдырған жазбасынан соң қамауға алған. Хипер өз жазбасында Ердоғанды «Түркияның «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымын қолдайтынын дәлелдеген журналистерді түрмеге қамап жатыр» деп кінәлаған.
Белгілі болғандай, Хипер Түркияға 2016 жылдың қараша айында келген. Ал Канада СІМ «канадалық азаматшаның қамауға алынғаны туралы хабардар екенін, қажетті консулдық көмек көрсетіліп жатқандығын» айтты.