«Біз Ыстамбұлда кеңселерді салып жатырмыз... Жерорта теңізінде, Сирия немесе Иракта бизнес жүргізіп жатқан жоқпыз», - деді ол Corriere della Sera италиялық газетіне берген сұхбатында.
«ИМ - бұл менің елімнің жауы. ИМ - менің сенімімді (дінімді) қаралап жатыр. Олар ислам өкілі емес және мен оларды мұсылмандар деп санамаймын», - деді Біләл Ердоған. Ол теңізде жүк тасымалдамайтынын, оның компаниясында ресейлік клиентке «өзен танкерлерінің» құрылысы бойынша келісімшарт бар екенін атап өтті, деп жазды РБК .
Біләл Ердоған өзі кеме операторы емес екендігін айтты. Сондай-ақ ол бауыры Бурак ИМ жеткізген мұнайды тасымалдаумен айналысуы мүмкін деген болжамды жоққа шығарды.