Эрдоғанның жақтастары Ыстамбұлда тағы да жаппай акциялар өткізіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстамбұлда Түркия Президенті Режеп Тайип Эрдоғанның жақтастары ұйымдастырған жаппай шерулер қайта жанданды, деп хабарлайды РИА «Новости».

Түркияның билеуші партиясының туын ұстаған көлік жүргізушілері көшелерге сыймай кеткен. Полицейлер халықтың бұндай жаппай шара ұйымдастыруына Ердоғанның Ыстамбұл тұрғындарының алдында сөйлеген сөзі себеп болуы мүмкін дейді.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылар ешқандай тәртіпсіздіктің болмағанын хабарлайды.

Атақты Таксим майданында (алаңы) бірнеше мың Президент жақтастарының қатысуымен жаппай шеру өтіп жатыр.

Бұған дейін халық алдында сөз сөйлеген Түркия Президенті ол түрік әскерінің бас қолбасшысы екендігін айтқан.