17 қаңтарда полицияға елорда тұрғыны «Балам-Ай» баланы дамыту орталығында оның кәмелетке толмаған ұлына қатыгездікпен қарау фактісі бойынша жүгінді.
«Алматы» аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша кінәлі адамдарға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданатын болады.