Бұл әлемдік рекорд болып саналады, салмағы 14,5 және 16 карат асыл тас өзінің тазалығымен және өзгеше түсімен әлемдегі ең әдемісі болып есептеледі: сырғаның бірі алқызыл, ал екіншісі көгілдір.
«Бұл тастар өте сирек кездеседі, қысқаша қайырғанда олар таңдай қақтырарлықтай»,- деп мәлім етті Sotheby's халықаралық зергерлік бөлімшесінің басшысы Дэвид Беннет.
Алғашында олар бәссаудада бір-бірінен бөлек қойылады деп жоспарланған болатын. Бірақ нәтижесінде екі сырғаны да аты белгісіз адам сатып алды.