«Мемлекет басшысының 26 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Үкімет «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеп жатыр. Жобада ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы ауданын тұтас ел аумағының 10,2%-ына дейін, оның ішінде табиғат қорғау мекемелерінің алаңын ел аумағының 3,3%-ына дейін ұлғайту жоспарланып отыр», - деп жазды Роман Скляр депутаттық сауалға берген жауабында.
Бұған дейін Р.Скляр «Бөкейорда» табиғи резерватының құрылысы жалғасатынын айтқан болатын.