«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгертулер енгізілді

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы №172 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ресми БАҚ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2011 жылғы 14 қараша, Астана, Үкімет Үйі № 1337

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы №172 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы №172 қаулысына өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.