Ерекше шырша әлем рекордын жаңартты

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Таиландтағы сауда орталығында құрылған шырша әлемдік рекордты жаңартты, деп хабарлады 24.kz.

Жаңа жылдық ағаш сапқа тұрған 825 баладан құрылған. 6-15 жас аралығындағы балалар шыршаның пішінін айнытпай келтіру үшін сәйкес киім де киген. Мысалы, қоңыр киім киген бүлдіршіндер мерекелік ағаштың діңгегі болса, жасыл түске оранған жастар шыршаның жапырағын бейнелеген. Қызыл киім кигендер мерекелік ағашты ойыншық болып безендірді. Осыған дейінгі рекорд 2011 жылы Германияда орнатылған екен. Ол кезде жаңа жылдық ағаштың пішінін келтіруге 672 адам қатысқан.