Мәселен, Ресейге үш ұшақтың ұшуы және сондай-ақ Петербургтен Германияға бағытталған кешкі рейс кейінге шегерілді.
Екінші күнге жалғасқан ереуілді «Верди» қызметі саласының қызметкерлері ұйымдастырды. Олар Вестфалия әуежайларында бірнеше мыңдаған қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға дейін көтеруді талап етуде, деп хабарлады Associated Press.
Қазіргі уақытта ереуілдің салдарынан Германиядағы екі халықаралық әуежай жұмысын тоқтатты.
Кәсіподақшылардың өкілі Андреа Беккердің сөзіне қарағанда, наразылық білдіру акциясына қауіпсіздік қызметінің 200-ге жуық қызметкері қатысуда.