Ереуілге шыққан такси жүргізушілері Парижде жол кептелісін тудырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Француз астанасының такси жүргізушілері кәсіподақтардың шақыруы бойынша жаппай ереуілге шықты.

Олар өз көліктерімен Париждің басты көшелерінен қатар сап түзеп өткен, мұның арты қалада жүруді қиындатып, нәтижесінде кептеліс орын алды. Кәсіподақ деректері бойынша акция кезінде 5 мыңнан 6 мыңға дейін машина болған.

Такси жүргізушілері көлік қызметтеріне ҚҚС 7-ден 10 пайызға дейін өскеніне қарсы наразылықтарын осылайша білдіріп отыр.