Ереван ШЫҰ мүшелігіне қызығушылық танытты
АСТАНА. KAZINFORM – Ереван Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуға қызығушылық білдірді. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
– Шанхай ынтымақтастық ұйымының негізгі қағидаттарын – аумақтық тұтастықты, күш қолданбауды және шекаралардың мызғымастығын бөлісе отырып, Армения Республикасы ШЫҰ-ға мүше болуға ниет білдірді, – делінген таратылған хабарламада.
Бұған дейін Арменияның Еуропалық одаққа мүше болу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатпағаны және Брюссельмен ЕО-ға ықтимал мүшелік туралы мәселені талқыламайтыны хабарланған болатын.
Еске сала кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Израильдің Иран Ислам Республикасы аумағына жасаған әскери соққыларын қатаң айыптады.
Айта кетелік ШЫҰ-ға мүше елдер мәдени байланыстарды тереңдетуге мүдделі екені туралы жазған едік.