Ереванда Ақсақалдар кеңесінің сайлауы басталды

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат -  Армения астанасы Ереванда бүгін, жексенбіде Ақсақалдар кеңесінің сайлауы басталды.

Сағат 8. 00-де Ереван аумағында 474 сайлау учаскесі ашылды. 

Дауыс беруге 842 147 адам қатыса алады. Сайлау учаскелері  20. 00-ге дейін жұмыс істейді.  ОСК деректеріне сәйкес   сайлау барысын бақылауға 17 бақылаушы ұйым тіркелді. Мониторингті   5138 бақылаушы жүзеге асырады.

 «Ереван қаласында жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңға сәйкес ақсақалдар кеңесі 65 мүшеден тұрады, олар 4 жылға сайланады. Егер партиялардың бірі 50 пайыздан астам орынды иеленсе, осы партиялық тізімді басқаратын кандидат  Ереванның  мэрі болады.

Бұл сайлауға үш саяси күш қатысуда: Армения республикалық партиясы, «Елк»  оппозициялық блогы және «Еркир цирани» («Страна абрикоса») оппозициялық партиясы.

Қазіргі мэр Тарон Маркарян 2011 жылы сайланған.