Айта кеткен жөн, бұған дейін Ереванда қарулы топ полиция бөлімшесіне басып кіріп, ондағы адамдардың барлығын тұтқынға алған еді. Күштік құрылым өкілдерімен болған атыс кезінде 1 адам қаза тауып, үшеуі жараланған.
Жергілікті билік жақын маңайдағы жолдарды жауып тастап, ғимаратты қоршауға алды. Тәртіп сақшылары бөлімшені басып алған шабуылшыларды өз еріктерімен берілуге шақырып жатыр.