Армения Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, олардың үшеуінің жағдайы аса ауыр, ал тағы үшеуінің жағдайы ауыр деп бағаланғанып отыр. 1 азамат көз жұмған.
Министрлік зардап шеккендердің жағдайы туралы қосымша ақпарат береді.
Бұған дейін БАҚ Ачапнякта атыс болғанын хабарлаған еді. Онда атыс салдарынан 10 адамға дейін зардап шеккені айтылған.
Армения ІІМ баспасөз хатшысы Нарек Саргсянның мәліметінше, полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін шұғыл тергеу-шараларын жүргізіп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Арменияда жаңа Конституция жобасы әзірленіп жатқанын жаздық.