Еревандағы форумға Армениядағы Қазақстан елшісі Тимур Оразаев, «ҚазАқпарат» ХАА бас директорының бірінші орынбасары Данияр Өтешев, «Беларусь телеграф агенттігі» (БелТа) АА бас директоры Дмитрий Жук, «ТАСС» РАА ТМД және Балтық елдері секторының кураторы Борис Грушин қатысып жатыр.
Форумда армяндық БАҚ өкілдерінен «Арменпресс» АА директоры Арам Ананян, «Арка» АА директоры Константин Петросов, Армения қоғамдық радиосы директорының орынбасары Лилит Туманян, «Республика Армения» газетінің бас редакторы Елена Курдян қатысуда.
Медиафорумда қаралатын мәселелерді талқылауға Армения ұлттық жиналысының (Парламент) депутаттары мен ТМД елдері институтының өкілдері шақырылған.