Ереванда қарулы топ полиция автобусын өртеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Ереванда полиция бөлімшесін жаулап алған қарулы топ «Chevrolet» қызметтік автобусын өртеп жіберді, деп хабарлады Армения ІІМ баспасөз қызметінен.

«Қарулы топ полицияның қызметтік көлігін өртеді. Оған дейін топ мүшелері «Газель» көлігін өртеп, дөңгелектерін көшеге алып шықан. Оның ішіне оқ-дәрі салып жандырған. Бұл сол маңдағы жергілікті халықтың өміріне қауіп тудырды», - делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері топ мүшелеріне адам өміріне қауіп төндіретін әрекеттерге бармауды сұрады.
Еске сала кетейік, 17 шілде күні қарулы топ Армения полициясының патрулді-пост ғимаратына басып кіріп, ондағы қызметкерлерді кепілге алған. Олар Армения президенті Серж Саргсян режимін күштеп тайдыруға үндейтін «Жаңа Армения» радикалды қозғалысының лидері Жирайр Сефилянды түрмеден босатуды талап етті.
Ғимаратты басып алу кезінде 1 полиция қызметкері мерт болып, алты адам жараланды. Билік өкілдерімен жүргізілген келіссөзден кейін 23 шілде күні олар кепілдегі барлық адамдарды босатты.