Ереванда Қазақстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
11:30, 15 Сәуір 2024
ЕРЕВАН. KAZINFORM - Арменияның Мемлекеттік резиденциясында Ереванға ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді.
Қазақстан мен Арменияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін Мемлекет басшысы мен Армения Премьер-Министрі келіссөз өтетін залға барды.