полиция бөлімшесінде кепілге алынған адамдарды құтқару операциясы барысында бір полицей көз жұмып, тағы екеуі жараланды.
Арменияның ҰҚҚ-нің мәлім еткеніндей, құқыққорғаушылар кепілдегі екі адамды алып шыға алған. Әзірге олардың есімдері жарияланған жоқ.
Соңғы мәліметтер бойынша, қазіргі уақытта қалған адамдарды құтқару бойынша арнайы операция дайындалып жатыр. Сондай-ақ, бірқатар Парламент депутаттары, атап айтқанда, Никол Пашинян радикалдармен келіссөздер жасауға талпынуда. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, дәл осы Н.Пашинянның бастамасымен радикалдар тобының басшысымен жүргізілген келіссөздер барысында ол басып алынған полиция ғимаратына кіре алды және сол жерде бейнетүсірілім жасай алды. Кейін ол видео бірқатар ақпараттық агенттіктер арқылы тарады. Сонымен бірге, ол қарулы топтың көшбасшыларымен тілдесе алды.
БАҚ-қа берген сұхбатында Н.Пашинян радикал топтың құрамында 25-26 адам барын айтты. Келіссөздер барысында олар елдегі барлық саяси себептермен сотталған тұлғаларды босатуды және елдегі биліктің ауысуын талап еткен көрінеді.
Оның үстіне қарулы топ егер полицейлер шабуыл жасайтын болса, олар тиісті түрде жауап беруге дайын екендіктерін хабарлаған.
«Қазіргі уақытта оларды билікке тапсыруды ұйымдастыру бойынша қаруланған топ мүшелерімен келіссөздер жүргізілуде», - делінген хабарламада.
«Арменияның құқық қорғау органдары оқиғаны толық бақылауда ұстап, жағдайды шешу бойынша барлық шараларды жасауда», - делінген ҰҚҚ-нің хабарламасында.
Оқиға орнына армениялық азаматтар көп жиналған. Олардың қатарында «Құрылтайшы парламент» радикалды қозғалысының жақтаушылары, полиция бөлімшесінде бірнеше азаматты кепілге алған радикалды топтың ісін жақтап отырған азаматтар да бар. Жиналғандар арасында қызбалыққа салынған азаматтарды полицейлер арнайы көлікпен алып кетіп жатыр.
Айта кету керек, «Құрылтайшы парламент» қозғалысының мүшелері көп жылдан бері елде билікті тақтан тайдыруға әрекет етіп келеді. Оның жақтаушылары әлеуметтік-экономикалық дамудың төмен көрсеткіштері тікелей биліктегілердің саясатымен байланысты деп санайды. Бұның алдында, қозғалыс мүшелері ел билігіне қарсы қозғалыстың қарусыз әдістерін қолданып келген болатын (жаппай акциялар, бұқаралық митингілер және өзге де шаралар).
Қозғалыс көшбасшылары Жирайра Сефилян, Варужан Аветисян мен Гарегин Чугасзян армян халқын қазіргі билікті заңсыз тайдыруға ашық түрде шақырып келді.
ФОТО: PAN Photo / Varo Rafayelyan
17:19, 17 Шілде 2016
Ереванда кепілге алынған адамдарды құтқару кезінде бір полицей көз жұмды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Армения Ұлттық қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең, Ереванның Эребуни ауданының