Кадрда олардың автоматтармен қаруланғаны көрініп тұр, бөлменің бірінде полицейлер кепілде отырғаны да байқалады.
Армения полициясының ақпараты бойынша, 17 шілде күні таңертең, бір топ адам Ереванның Эрубени ауданының полиция бөлімшесін басып алған. Армения президенті Серж Саргсян режимін күштеп тайдыруға үндейтін «Құрылтайшы парламент» және «Жаңа Армения» радикалды қозғалысы жақтаушыларынан құралған қарулы 25 адам полиция бөлімшесінің қақпасын бұзып кірген.
Құқық қорғаушылардың ақпаратына сәйкес, олардың қолында 6-8 адам бар.
Оқиға орнына арнайы жасақ келіп жетті, сондай-ақ арнайы техника да жеткізілген.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қарулы топтың басты талаптарының бірі - 2016 жылы 23 маусымда Ереван телемұнарасына қарулы шабуыл жасамақ болды деген айыппен 2 айға қамалған «Құрылтайшы парламент» және «Жаңа Армения» радикалды қозғалысының көшбасшысы Жирайра Сефилянды босату.
Жирайра Сефилян «бір топ тұлғалармен бірге, алдын ала келісім бойынша бірнеше қару-жарақ пен оқ-дәрі, жарылғыш заттар немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша айыпталуда.
Оқиға орны полициямен қоршауға алынды, ол жерде бірнеше жедел медициналық жәрдем көлігі кезекшілік етуде.
Алдын ала мағлұматтарға сәйкес, атыс барысында қарулы топтың бір мүшесі жарақат алған.