Кездесуде ТМД-ға мүше мемлекеттердің 2020 жылға дейінгі Халықаралық жастар ынтымақтастығы сратегиясын іске асыру және 2021-2030 жылдарға осындай стратегияны әзірлеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысын талқылау жоспарланып отыр.
Кеңес мүшелері «ТМД-ға 100 идея» Халықаралық жастар жобасын жүзеге асыру және Достастық елдерінің жастар еріктілер қозғалысына қолдау көрсету мәселелерін қарастырады.
ТМД-ға мүше мемлекеттердің жастар ұйымдары форумын дайындаудың түрлі аспектілері, жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша ТМД елдері ұйымдарының ынтымақтастығы талқыланады.
Отырыста кезекті мерзімге Кеңес төрағасы сайланады.