Ереванда ҰҚШҰ ПА комиссиясының көшпелі отырысы өтуде

АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Армения Республикасының Ереван қаласында Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы Парламент Ассамблеясы (ҰҚШҰ ПА) Тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өз жұмысын бастады. Бұл туралы мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Аталған Комиссияның қорғаныс пен қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмысына Мәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ерсұлтан Бектұрғанов қатысуда.

«Шараға қатысушылар бүгін және ертең ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздігінің Кавказ аймағындағы әскери-саяси жағдайымен танысады», - делінген баспасөз баянында.